Жүрек" сақинасы - негізі түйетабан өрнегінен алынып, жүрек бейнесінде соғылған зергерлік бұйым. Бабаларымыз түйе малын қадірлеп, тіпті оның басқан ізін ою-өрнекке айналдырған. "Түйетабан" алыс жолды білдірсе, ал оның замануи жүрек формасында бейнеленгені "бабалардың жүріп өткен жолы, табан ізі кеудемізде мәңгі сақтаулы" дегенді меңзейді.
Күміс 925 сынама
Орда
79990 ден бастап
₸
Өлшем
Орда — көшпелі халықтың басын қосып, бір тудың астына біріктірген түркі жұртының астанасы. Орда - ел билеген әділ хандардың,намысты қас батырлардың ерлігі топырағына сіңген қасиетті төр. Орда жүзігі — өлмеген, өшпеген асқақ рухтың үні, ұрпақтан ұрпаққа берілер мәңгілік ерліктің, азаттықтың асқақ айбыны.
Күміс 925 сынама
Бопай
79990 ден бастап
₸
Өлшем
Халқымыздың тарихында елінің намысы үшін күрескен, ерлігімен, батырлығымен аты аңызға айналған аруларымыз аз болмаған. Соның бірі де бірегейі — Бопай. Бопай есімі нәзіктік пен қайсарлықтың, сұлулық пен батырлықтың, аяулы ана мен көреген көшбасшы ұғымдарының бірлігі ретінде ел жадында мәңгі сақталған. Ендеше, "Бопай" сақинасы да елін сүйер, отаным деп езілер ержүректі, өжет те қайсар барша қазақтың батыр қыздарына арналады.
Күміс 925 сынама
Отау жүзік
89990 ден бастап
₸
Өлшем
Қыз-келіншектер тағатын неке сақинасы . Осы жүзіктің бойында ең ізгі тілектер орын алған. "Төрт құбыласы түгел болсын, босағасы берік болсын, биіктен көрінсін, ұрпағы жалғассын " деп ертеректе енесі келіннің қолына таққан.
Күміс 925 сынама
Грифон
69990 ден бастап
₸
Өлшем
Грифон - бүркіт тұмсықты, денесі арыстан бейнесіндегі қанатты аңыз кейіпкері. Орта ғасырда аса құдіретті, зор күш иесі болып саналған. Олар қорғаушылар, әрі мықты жарылқаушы ретінде бейнеленген. Плиний Үлкен: "Грифондар ұяларын терең жер қойнауында салады. Ол ұялар алтын кесектерден тұрады-мыс."
Күміс 925 сынама Өлшемі өзгертіледі
Дәурен
69990 ден бастап
₸
Өлшем
Дәурен - өмірдің балдай тәтті кезеңін, жастығын, бақытын білдіретін көп мағыналы толымды сөз. "Өмірдің қызығын көрсін, бақытты ғұмыр кешсін, мол қуанышқа кенелсін " деген мағынаға ие
Күміс 925 сынама Қосымша ыстық эмаль
Сүмбіле
59990 ден бастап
₸
Өлшем
Сүмбіле - күздің басында туатын көкжиекке жақын жұлдыз. Соған орай халқымыз тамыз айын ертеректе "сүмбіле" деп атаған. Сүмбіленің тууы көшпенді халық үшін төрт түлік мал семіріп, қайта түлейтін шаруаға жайлы кезең саналған. "Жолыңыз ашық, өміріңіз молшылықта, берекеде, тарықпас тоқтықта болсын" деген мағынаны білдіреді.
Күміс 925 сынама
Текемет
69990 ден бастап
₸
Өлшем
Текемет - күзем жүннен жасалған, бетіне түрлі-түсті ою-өрнек басылған қолөнер бұйымы. Үйдің жылылығын сақтап, сәнді көрік береді. Текеметтің бетіне ою-өрнек тілімен халқымыздың алғашқы дүниетанымы, мәдениеті, сенімі, табиғатпен байланысы бейнеленген. Осындай жылылық пен әсемдікті, табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті "Текемет" сақинасынан байқауға болады.
Күміс 925 сынама
Көсеге
49990 ден бастап
₸
Өлшем
Көсеге - өсу, өну, жапырақ жаю, көгеру, көктеу деген мағынада қолданылады. "Өмірің мәнді болсын, әрлі де сәнді болсын, тамырың тереңде болсын, бақытың төбеңде болсын, ғұмырың ұзақ болсын, көктемдей ғажап болсын" деген игі тілекті білдіреді.
Күміс 925 сынама Қосымша ыстық эмаль Өлшемі өзгертіледі
Зере
44990 ден бастап
₸
Өлшем
Зере сақинасы - орта ғасырлардағы түркілердің жау жебесінен қорғанатын және жүрекке оқ дарытпайтын өріп жасалған "зере" сауытының негізіндегі зергерлік бұйым. "Жүрегіңді сақта" деген ұғымды білдіреді.
Күміс 925 сынама
Кереге
44990₸ ден бастап
₸
Өлшем
Кереге - киіз үйдің негізгі бөлігі, әрі түркілік дүние танымда беріктікті, бірлікті, шаңырақтың тұтастығын білдіреді.Кереге оюы бейнеленген сақинасын "керегесі кең болсын, берік болсын" деген ниетпен сыйға тартып, таққан.