“Мерген” сақинасы – көшпенді халықтардың садақ атуда жиі пайдаланған құнды бұйым түрі. Ат үстіндегі садақшыға оң қолдың бас бармағына тағып, жебені нық ұстап атуға көмектеседі.
“Мерген” сақинасы – өзіңнің өмірлік дара жолыңды тауып, көздеген мақсатыңа жету үшін қажетті мызғымас беріктіктің белгісі.
Әр адамның тағдыры – оның жасаған таңдауында. Көздеген мақсатыңа қол жеткізу үшін сұрмергендей шешімталдық, өзіңе сенім, дәлдік қажет.
Демек, “Мерген” сақинасы – өмірде өз мақсатыңнан таймай, белгіленген нысанаға дәл тигізу үшін қажетті зергерлік сақина.
Шектеулі шығарылым Күміс 925 сынама
Айшық
14990
₸
Халқымыз ерте дәуірлерден аспан денелерін үздіксіз бақылап, зерттей білген. Соның бірі - ай. Айдың толысуы, айдың тууы, айдың жаңаруы бұның баршасын бабаларымыз дала даналығының арқасында дәл болжай білген. Халқымыздың айға деген құрметі рухани дүниетанымының айқын көрінісі. “Айың оңынан тусын” деген тілек те осының бірден бір дәлелі. Сол себепті де айшық сырғасы - ең ізгі ниеттің символы.
Моно пусет-сырға Күміс 925 сынама
Жүрек
14990
₸
"Жүрек" сырғасы - негізі түйетабан өрнегінен алынып, жүрек бейнесінде соғылған зергерлік бұйым. Бабаларымыз түйе малын қадірлеп, тіпті оның басқан ізін ою-өрнекке айналдырған. "Түйетабан" алыс жолды білдірсе, ал оның замануи жүрек формасында бейнеленгені "бабалардың жүріп өткен жолы, табан ізі кеудемізде мәңгі сақтаулы" дегенді меңзейді.
Моно пусет-сырға Күміс 925 сынама
Айшық
24990
₸
Халқымыз ерте дәуірлерден аспан денелерін үздіксіз бақылап, зерттей білген. Соның бірі - ай. Айдың толысуы, айдың тууы, айдың жаңаруы бұның баршасын бабаларымыз дала даналығының арқасында дәл болжай білген. Халқымыздың айға деген құрметі рухани дүниетанымының айқын көрінісі. “Айың оңынан тусын” деген тілек те осының бірден бір дәлелі. Сол себепті де айшық сырғасы - ең ізгі ниеттің символы.
Моно пусет-сырға Күміс 925 сынама
Жүрек
34990
₸
"Жүрек" - негізі түйетабан өрнегінен алынып, жүрек бейнесінде соғылған зергерлік бұйым. Бабаларымыз түйе малын қадірлеп, тіпті оның басқан ізін ою-өрнекке айналдырған. "Түйетабан" алыс жолды білдірсе, ал оның замануи жүрек формасында бейнеленгені "бабалардың жүріп өткен жолы, табан ізі кеудемізде мәңгі сақтаулы" дегенді меңзейді.
Моно сырға-алқа Күміс 925 сынама Хуп - 9990 ₸
Жүрек
39990

Моно сырға Күміс 925 сынама
Көсеге
39990
₸
Көсеге - өсу, өну, жапырақ жаю, көгеру, көктеу деген мағынада қолданылады. "Өмірің мәнді болсын, әрлі де сәнді болсын, тамырың тереңде болсын, бақытың төбеңде болсын, ғұмырың ұзақ болсын, көктемдей ғажап болсын" деген игі тілекті білдіреді.
Моно сырға Күміс 925 сынама Ыстық эмаль
Аймауыт
54990
₸
Аймауыт – жаугершілік заманда ел қорғаған батырлардың ұрысқа киер ерекше сауыт түрі. Сол себепті де “Аймауыт” сырғасы – білегімен де, жүрегімен де еліне қорған болған батырларымызға құрмет белгісі. Бұл сырғаға олардың қаһарман қайраты, сарқылмас қуаты, беріктігі бекітілген. Аймауыт – болаттай иілмейтін өр мінез бен сынбайтын жігердің символы деп алсақ, “Аймауыт” сырғасы – болат болмысты жандардың жан серігі.
Моно сырға Күміс 925 сынама
Ұршық
49990
₸
Ұршық - халқызымыздың көне дәуірден келе жатқан құнды жәдігері. Зымыраған ұршық айналымы уақыттың тоқтаусыз қозғалысын , иірген сайын ширалған жіп адам баласының өмір жолын бейнелейді. Ұршықтай дөңгеленген өмірде ұлы жеңістер төзімділік пен табандылықтың арқасында келеді. Ұршық сырғасының мәні де осыда.
Моно сырға Күміс 925 сынама Хуп - 9990 ₸
Құлып
59990
₸
Құлып сырғасы - ешкімге айтпас сырлардың, пәк те таза сезімдердің, болашаққа бастар армандардың сақтаушысы. Біздің құлпымыздың кілті жүректе. Құлағымызға тағатын “Құлып” сырғасы да өз жолыңды табу үшін “өз жүрегіңді тыңда” дегенді аңғартады
Моно сырға Күміс 925 сынама
Көкжағыс
59990
₸
Өлшем
Қазақ әуелден кесір тілден, сұғанақ көзден сақтанған. Тіпті сепкен егініне де көз тиеді деп қорыққан. Сол үшін жаңа қауыз жарған егінді, көз бен тілден сақтасын деп құрбандыққа мал шалып, дұға оқып, ауыл ақсақалдарынан бата алған. Осы дәстүр “көкжағыс” деп аталған. Бабалар дәстүріндей бұл сақина өз иесін сұқ көз бен суық сөзден сақтайды деп сенеміз.
Өлшемі өзгертіледі Күміс 925 сынама
Ұмай
89990
₸
Өлшем
Ұмай ана – түркі тілдес халықтардың мифологиясындағы аналардың анасы, ұрпақ амандығын тілейтін жебеуші. Соған сәйкес, Ұмай жиынтығы өзінің жұмыртқа сынды пішінімен және сан гүлді өрнегімен Ұмай ана образынан бастау алады. Ұмай – табиғат ананың мейірімін, молшылық пен берекені, ошақ басының амандығын тілейтін нәзік бұйым. Ұмай – ұрпағына иіп тұрған аналық махаббаттың, шапағаттың белгісі.
Күміс 925 сынама
Күлтегін
89990
₸
Өлшем
Күлтегін сақинасы – халқымыздың ерте дәуірлерден өлмей келе жатқан мәдениеті мен ерлік рухының күміс белгісі. Сақинаның өн бойына негіз болып, VII–VIII ғасырларға тән Күлтегін-Тоныкөк жазба ескерткішінің бетіндегі ерлік жыры алынды. Бұл – біздің тарихымыздың тереңдігін, алпыс екі тамырымызда ер түркі жұртының рухы бар екенін білдіретін балбал сақина. Бұл – өткенге құрмет қана емес, ұлан-ғайыр даланы ұрпағына аманат еткен бабалар ерлігіне алғыс айту. Күлтегін сақинасы – біздің бойымызға асқақ рух, алып күш, таусылмас қуат пен еркіндік беретін асыл бұйым.
Өлшемі өзгертіледі Күміс 925 сынама
Собық
99990
₸
Собық сырға - бұл сырғаның пішіне қарай қойылған тарихи атауы. Собық сөзі молшылықты, ырыс-несібені білдіретін гүлді өсімдік бөлігі. Өзінің сәукелеге де ұқсас ерекшелігімен собық сырғасының негізгі мазмұны бізге қыз баласының үйдің берекесі, шаңырақтың жылуы, молшылық иесі екенін аңғартады.
Күміс 925 сынама
Ұмай
99990
₸
Ұмай ана – түркі тілдес халықтардың мифологиясындағы аналардың анасы, ұрпақ амандығын тілейтін жебеуші. Соған сәйкес, Ұмай жиынтығы өзінің жұмыртқа сынды пішінімен және сан гүлді өрнегімен Ұмай ана образынан бастау алады. Ұмай – табиғат ананың мейірімін, молшылық пен берекені, ошақ басының амандығын тілейтін нәзік бұйым. Ұмай – ұрпағына иіп тұрған аналық махаббаттың, шапағаттың белгісі.
Күміс 925 сынама
Көкбөрі
119990
₸
Көкбөрі – түркі халықтарының тотемі, қайсар, күшке бағынбайтын өр мінезді, байтақ даланың түз тағысы.
Қасқырдың терісінен, тісінен жасалған дүниелер ерекше қасиетке ие деп есептелген. Біздегі «Көкбөрі» бойтұмары да бабаларымыздың бөріден тарағандығын әйгілейтін ұлы дәстүрдің жалғасы, жаңарудың, қайта түлеудің, қайсарлық пен ерліктің, өшпес рухтың жаршысы.
Күміс 925 сынама
Жұмыр білезік
179990
₸
Өлшем
Жұмыр білезік - шығыршық іспетті күмістен құйылған асыл бұйым. “Жұмыр” сөзі беріктікті, тұтастықты, ал айналмалы формасы мәңгілікті сипаттайды. Өзінің шеңберлі пішіні арқылы жұмыр білезік өмір дөңгелегінің айналымын, уақыттың шексіздігін білдіреді.
Зере сақинасы - орта ғасырлардағы түркілердің жау жебесінен қорғанатын және жүрекке оқ дарытпайтын өріп жасалған "зере" сауытының негізіндегі зергерлік бұйым. "Жүрегіңді сақта" деген ұғымды білдіреді.
Күміс 925 сынама
Кереге
49990
₸
Өлшем
Кереге - киіз үйдің негізгі бөлігі, әрі түркілік дүние танымда беріктікті, бірлікті, шаңырақтың тұтастығын білдіреді.Кереге оюы бейнеленген сақинасын "керегесі кең болсын, берік болсын" деген ниетпен сыйға тартып, таққан.
Күміс 925 сынама
Көсеге
59990
₸
Өлшем
Көсеге - өсу, өну, жапырақ жаю, көгеру, көктеу деген мағынада қолданылады. "Өмірің мәнді болсын, әрлі де сәнді болсын, тамырың тереңде болсын, бақытың төбеңде болсын, ғұмырың ұзақ болсын, көктемдей ғажап болсын" деген игі тілекті білдіреді.
Күміс 925 сынама Қосымша ыстық эмаль Өлшемі өзгертіледі
Сүмбіле
69990
₸
Өлшем
Сүмбіле - күздің басында туатын көкжиекке жақын жұлдыз. Соған орай халқымыз тамыз айын ертеректе "сүмбіле" деп атаған. Сүмбіленің тууы көшпенді халық үшін төрт түлік мал семіріп, қайта түлейтін шаруаға жайлы кезең саналған. "Жолыңыз ашық, өміріңіз молшылықта, берекеде, тарықпас тоқтықта болсын" деген мағынаны білдіреді.
Күміс 925 сынама
Грифон
74990
₸
Өлшем
Грифон - бүркіт тұмсықты, денесі арыстан бейнесіндегі қанатты аңыз кейіпкері. Орта ғасырда аса құдіретті, зор күш иесі болып саналған. Олар қорғаушылар, әрі мықты жарылқаушы ретінде бейнеленген. Плиний Үлкен: "Грифондар ұяларын терең жер қойнауында салады. Ол ұялар алтын кесектерден тұрады-мыс."
Күміс 925 сынама Өлшемі өзгертіледі
Текемет
79990
₸
Өлшем
Текемет - күзем жүннен жасалған, бетіне түрлі-түсті ою-өрнек басылған қолөнер бұйымы. Үйдің жылылығын сақтап, сәнді көрік береді. Текеметтің бетіне ою-өрнек тілімен халқымыздың алғашқы дүниетанымы, мәдениеті, сенімі, табиғатпен байланысы бейнеленген. Осындай жылылық пен әсемдікті, табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті "Текемет" сақинасынан байқауға болады.
Күміс 925 сынама
Дәурен
79990
₸
Өлшем
Дәурен - өмірдің балдай тәтті кезеңін, жастығын, бақытын білдіретін көп мағыналы толымды сөз. "Өмірдің қызығын көрсін, бақытты ғұмыр кешсін, мол қуанышқа кенелсін " деген мағынаға ие
Күміс 925 сынама Қосымша ыстық эмаль
Бопай
89990
₸
Өлшем
Халқымыздың тарихында елінің намысы үшін күрескен, ерлігімен, батырлығымен аты аңызға айналған аруларымыз аз болмаған. Соның бірі де бірегейі — Бопай. Бопай есімі нәзіктік пен қайсарлықтың, сұлулық пен батырлықтың, аяулы ана мен көреген көшбасшы ұғымдарының бірлігі ретінде ел жадында мәңгі сақталған. Ендеше, "Бопай" сақинасы да елін сүйер, отаным деп езілер ержүректі, өжет те қайсар барша қазақтың батыр қыздарына арналады.
Күміс 925 сынама
Орда
89990
₸
Өлшем
Орда — көшпелі халықтың басын қосып, бір тудың астына біріктірген түркі жұртының астанасы. Орда - ел билеген әділ хандардың,намысты қас батырлардың ерлігі топырағына сіңген қасиетті төр. Орда жүзігі — өлмеген, өшпеген асқақ рухтың үні, ұрпақтан ұрпаққа берілер мәңгілік ерліктің, азаттықтың асқақ айбыны.
Күміс 925 сынама
Жүрек
99990
₸
Өлшем
Жүрек" сақинасы - негізі түйетабан өрнегінен алынып, жүрек бейнесінде соғылған зергерлік бұйым. Бабаларымыз түйе малын қадірлеп, тіпті оның басқан ізін ою-өрнекке айналдырған. "Түйетабан" алыс жолды білдірсе, ал оның замануи жүрек формасында бейнеленгені "бабалардың жүріп өткен жолы, табан ізі кеудемізде мәңгі сақтаулы" дегенді меңзейді.
Күміс 925 сынама
Отау жүзік
99990
₸
Өлшем
Қыз-келіншектер тағатын неке сақинасы . Осы жүзіктің бойында ең ізгі тілектер орын алған. "Төрт құбыласы түгел болсын, босағасы берік болсын, биіктен көрінсін, ұрпағы жалғассын " деп ертеректе енесі келіннің қолына таққан.